Қоғамдық көлікте билет берілмесе, тегін жүруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық көлікте билет берілмесе, тегін жүруге болады

06.10.2014
Қоғамдық көлікте билет берілмесе, тегін жүруге болады

Елордалық тасымалдаушылар ерекше акция ұйымдастырмақ. Барлық қоғамдық көлікте «Кондуктор билет бермеді ме? Онда тегін жол жүресің» деп жазылған плакаттар болады. Акция аясында кондуктор билет бермеген жағдайда, жолаушыға тегін жол жүруге болады. Мақсат - кондукторлардың жолақыны алып, билет қайтармауына жол бермеу, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

«Шара алақол кондукторлармен жұмыста оң нәтиже беріп, жалпы жолаушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді», -дейді тасымалдаушылар.

Хабарламаларға жазылу