Астанада жолақы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жолақы қымбаттауы мүмкін

16.02.2018

Астана тұрғындарын тасып, табыс тауып жүрген көлік компаниялары сәуірден кешікпей, мәслихатқа жол ақысын көтеру туралы ұсыныс енгізбек. Соңғы шешімді депутаттар қабылдайды. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтылды. Белгілі болған тағы бір мәселе, қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін зейнеткерлік туралы куәлік 3 айдан кейін жарамсыз болып қалады. Сондықтан, үш айдың ішінде ол құжаттарды атаулы электронды картаға ауыстыру қажет. Бұл қадам кейінгі кездері жиілеп кеткен жалған куәліктерді қолданудың алдын алу үшін жасалып отыр.

Бекмырза Қайыргелдіұлы, «Астана LRT» ЖШС басшысы:

 - Жекешелендірілген көлік карталары жеңілдігі бар азаматтарға тегін беріледі және ол қоғамдық көліктерде бұрынғыдай тегін жүруге мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, жеңілдігі барлар валидациядан жиі бас тартады. Оның маңыздылығын түсіне бермейді. Біріншіден, валидация жолаушылар легін анализден өткізуге мүмкіндік береді. Сол анализге сүйеніп, жаңа тиімді бағдарлар қосып, тиімсіз тұстарын жақсартуға мүмкіндігіміз болар еді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу