Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеге көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеге көтерілді

12.08.2014
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеге көтерілді

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны ересектерге 90 теңге, балаларға 40 теңге ретінде белгіленді.

Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының төрағасы Рашид Аманжолов мәлімдеді.

Соңғы 6  жылда жанар-жағармай  бағасы 2 есеге өсіп, автокөлікке техникалық қызмет көрсету құны қымбаттаған. Осылайша, тасымалдаушылар шығындарын өтей алмауда.

Басқарма басшысы тарифтың артуы мәжбүрлі шара екенін баса айтты.

Алайда,  бұл өзгерістің қоғамдық көлікте жүруге жеңілдігі бар азаматтарға еш қатысы жоқ.

Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалын 50 қалалық маршрутта  8  компания атқаруда. Онда барлығы 890 бірлік автобус шоғырланған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің бапспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу