ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақұштап Бақтыгереева «Таңшолпанда» қонақта болды.
Ақынның 70 жасқа толуына орай атап өту шаралары өзінің туған жері Ақ Жайықтан бастау алды. Ал бүгін Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында шығармашылық кеші өтпек.
«Менің мерейтойым Батыста басталды. Бүгін сағат 16.00-де студент болып, қолыма қалам алып, жастық шағым өткен Алматымда шығармашылық кешім өтеді. Поэзияны, өлеңді, өнерді түсінетін жандар келеді, деп ойлаймын. Бұл шара жалғасын табады. Жайықта басталған тойды бүгін Алматы жалғап, Атырау, одан кейін Астана шақырып отыр. Осылай құрмет тұтқаны үшін халқыма рахмет»,-дейді ақын.
Ақынның «Даладағы қарлығаштар» өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.