Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас 6-12 қазан аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, хардта, ашық кортта болатын бұл жарыстың жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары. Аталмыш турнирде Заринаның табысты өнер көрсетуіне мүмкіндігі толық. Өйткені осы жарыстың бірінші ракеткасы, атақты австралиялық Саманта Стосурмен Зарина тек финалда кездесуі мүмкін. Бұл турнирге тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да қатысады.
BOULEVARD журналына берген сұхбатында әлемнің Мария Шарапова немесе Виктория Азаренко сынды маңдайалды теннисшілерімен шеберлік байқасуға дайын екендігін мәлімдеген Зарина жыл соңына дейін үздік отыз теннисшінің қатарына енуді мақсат етіп отыр.
ҚазАқпарат