Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтетін турнирде бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтетін турнирде бақ сынайды

29.01.2014
Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтетін турнирде бақ сынайды
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік танымал Tradewise Gibraltar Chess турниріне қатысады.
 
Жансая ең таңдаулы гроссмейстерлер тобында бақ сынайды. Бұл санатта ол ең жас қатысушы болып саналады. Осымен 12-ші рет өтетін турнирдің гроссмейстерлер санатында әлемнің мықты 253 шахматшысы қатысады. 
 
Бұлардың ішінде осы турнирдің былтырғы жеңімпазы Найджел Шорт, 2012 жылдың жеңімпазы Василий Иванчук, ФИДЕ вице-чемпионы америкалық Гата Камский және әлемнің үздік шахматшыларының бірі Анна Музычук бар.
 
Швейцариялық жүйемен өтетін турнир он кезеңнен тұрады. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік италиялық Драган Дмитриевичке қарсы тұрады. 28-ші қантардан бастау алатын жарыс ақпанның 6-сы күні өз мәресіне жетеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың басында, Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академися ашылған болатын. Ашылу рәсіміне қатысқан құрметті қонақ – Анатолий Карповпен төрт партия ойнаған Жансая, бір парияды жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліп, біреуінде тең түсті.

Хабарламаларға жазылу