Зарина Диас WTA-ның дауыс беру байқауында екінші орында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас WTA-ның дауыс беру байқауында екінші орында келеді

20.09.2014
Зарина Диас WTA-ның дауыс беру байқауында екінші орында келеді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас әлем және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің теннисшілері арасында жүргізіліп жатқан WTA-ның  «Rising Star Poll»  дауыс беру байқауында екінші орында келеді.

Алғашқы орында - австралиялық Оливия Роговска. Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева алтыншы орында тұр.

Әлем  теннисшілері тобында  алдыңғы орында  Пуэрто-Рико  теннисшісі - Моника Пуиг. Одан кейін швейцариялық Белинда Бенчич.

 Ағымдағы апта бойынша теннисшілерге 140 елден 115 мың адам дауыс берген.

Дауыс беру 3 қазанда аяқталады. Жеңімпаздың есімі 9 қазанда жарияланады.

Қорытындысы бойынша, әр топтан ең көп дауыс жинаған  екі үздік теннисші  WTA-ның Сингапурде өтетін көрсетілімді турниріне бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу