Қызылорда облысының 40 оқытушысына 1 миллион теңге көлемінде грант берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының 40 оқытушысына 1 миллион теңге көлемінде грант берілді

04.10.2014
Қызылорда облысының 40 оқытушысына 1 миллион теңге көлемінде грант берілді

Ұстаздар күні қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 40 үздік мұғалімге 1 миллион теңгенің сертификаттарын табыстады. Айта кетейік, өткен жылы дәл осыншама педагог миллионер атанған болатын.

«Мамандығына барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Ұрпақ тәрбиесі деген ұлы көштің басында тұрған сіздерге қадірлі де қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен қорытындыланды.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу