Қызылордалық кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына 2 миллион теңгеге жуық қаражат салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына 2 миллион теңгеге жуық қаражат салды

31.08.2014
Қызылордалық кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына 2 миллион теңгеге жуық қаражат салды

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы отбасы жағдайы төмен мектеп оқушыларына мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарын алу үшін кәсіпкерлерді жұмылдырды.

Нәтижесінде 2 миллион теңге көлеміндегі қаржыға 80 оқушыға көмек көрсеттілді, деп хабарлайды strategy2050.kz

«Бізге еліміздегі әр оқушының сапалы білім алғаны маңызды. Балалардың мақсатты білім алулары үшін тиісті жағдай жасалуы қажет. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының өзінде 2 миллион теңге көлемінде қаржы жиналып, балардың қажетті дүниелерін алу үшін үйлестірілді.

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының 7 ауданда филиалымыз бар. Аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда»,-деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де өздерінің бір күндік айлықтарын аталмыш акцияға бөлді.

Хабарламаларға жазылу