«Қазақстан халқына» қорының білім грантын иеленген талапкерлер тізімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қорының білім грантын иеленген талапкерлер тізімі шықты

08.09.2023

«Қазақстан халқына» қорының білім грантын иеленген 818 талапкердің тізімі шықты. Қайырымдылық жобасы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған. Оларға оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ 40 000 теңге көлемінде шәкіртақы бар. Білім беру гранттары талапкерлерге бағдарламаның бірнеше критерийлері бойынша берілді.

Оның ішінде ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардан 197 талапкер немесе 24%, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 177 талапкер немесе 21%. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 181 талапкер немесе 22%, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31%. Сондай-ақ талапкерлер арасында қаңтар оқиғасында зардап шеккен отбасы балалары да бар.  


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу