Алматы қаласы ақшаны жария ету акциясы бойынша елімізде көш бастап тұр

03.03.2015
Алматы қаласы ақшаны жария ету акциясы бойынша елімізде көш бастап тұр

Есепке сәйкес, 2015 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда 9 миллиард 937 миллион 880 мың 340 теңге көлемінде қаржы заңдастырылған.

Оның ішінде алматылықтардың қосқан үлесі - 8 миллиард 461 миллион 429 мың 140 теңге. Салыстыра кетсек, 2015 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 8 миллиард 274 миллион 616 мың теңге еді.

Екінші орында – Астана қаласы. Елорда тұрғындары 838 миллион 650 мың теңгесін жариялаған.

Ақтөбе облысында – 10 миллион 891 мың теңге, Оңтүстік Қазақстан облысында – 197 миллион 406 мың теңге, Павлодар облысында – 425 млн 284 мың, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары – 4,2 миллион теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысында 20 мың теңге жинақ шоттарына енгізілген.

Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ақша заңдастырмаған.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу