Денис Тен Астанада қолтаңба-сессиясын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен Астанада қолтаңба-сессиясын өткізеді

29.12.2015
Денис Тен Астанада қолтаңба-сессиясын өткізеді

Бүгін сағат 12:00-де Астанадағы «ASTANA MALL» ойын-сауық кешенінде Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Сонымен қатар, спортшымен бірге фото және қолтаңба-сессияларын өткізу жоспарланған.

Спортшы биылғы жылды табысты аяқтады. Қараша айында Германияда өткен «NRW Trophy» турнирінде екінші орын алса, желтоқсан айының басында Хорватиядағы «Golden Spin» турнирінің бас жүлдесін иеленді.

Баспасөз мәслихатында Денис Тен 2015 жылдың қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөліспек.

Айта кетейік, Денис Тен жекелей дәрежеде конькимен мәнерлеп сырғанаушы.  ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпинатының күміс жүлдегері, 2015 жылдың төрт құрлықтың чемпионы, VII Азия ойындарының чемпионы және Қазақстан Республикасының үш мәрте чемпионы.

Хабарламаларға жазылу