Израиль билігі соңғы 7 жылда Газа секторындағы алғаш рет жүздеген палестиналыққа Иерусалимдегі Аль-Акса мешітіне баруға рұқсат етті.
Израиль әскері Газа секторының 500 тұрғыны Аль-Акса мешітіне жексенбі күні Құрбан айт мейрамын атап өтуге баратынын айтады.
Айта кету керек, Иерусалимге баруға тек 60-тан асқан адамдарға рұқсат етілген.
Фото: islam-today.ru