Қарағандыда Құрбан айт мейрамына орай шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Құрбан айт мейрамына орай шара өтті

03.10.2014
Қарағандыда Құрбан айт мейрамына орай шара өтті

Қарағанды облыстық орталық мешіттің ауласында Құрбан айт мейрамына орай шара өтті. Онда арнайы киіз үй тігіліп, халыққа ас берілді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары - қазақша күрес, арқан тарту, асық ату т.б ойнатылды.

Шара соңында ұлттық ойындарды жаңғыртуға атсалысқандарға қаржылай және түрлі сыйлық тапсырылды.

Ал, қазанның 4-і күні айт намазынан соң құрбандық шалынады. Бұл туралы Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламаларға жазылу