Астана мектептерінде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мектептерінде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

09.08.2017
Астана мектептерінде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Елордада оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова мәлім етті.  

«Бірінші қыркүйек - Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйек күні өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады», - деп жазды ол Фейсбукте.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу