60 келіге жуық алтын әшекейлерін алып өтпек болған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

60 келіге жуық алтын әшекейлерін алып өтпек болған азамат ұсталды

03.10.2014
60 келіге жуық алтын әшекейлерін алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстандық шекарашылар салмағы 60 келідей болатын әшекейлі заттарды әкеле жатқан азаматтың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Оксана Парпура хабарлады.

Оның айтуынша, «Алматы» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары «Алматы-Стамбул» бағытымен келе жатқан КС-912 рейсінің жолаушысы, 26 жастағы Қазақстан Респуликасының азаматын ұстады.

Жолаушының жүктерін тексеру кезінде жасырын жолмен өткізбек болған жалпы салмағы 60 келі болатын әшекейлік бұйымдар анықталды.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдарына хабарланып. Жедел тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу