Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында есірткі алып өтпек болған күдікті қолға түсті
Өзбек елімен арадағы шекара арқылы ірі көлемде есірткі алып өтпек болған күдікті қолға түсті. Кеденшілер 39 жастағы ер адамның көлігін тінту кезінде жүк салғыштан 47 келіге жуық гашиш тапқан. Күдіктіден жауап алу барысында оның сыбайластары анықталды.
Олар – Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары. Үшеуі есірткіні Ауғанстаннан әкелген болып шықты. Сондай-ақ, Самарқан облысында есірткі контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Жеті адамнан тұратын топ 11 жарым келі апиынды шекарадан өткізбек болған. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05
Мароккода тасқын қаупіне байланысты 143 мың адам эвакуацияланды
07.02.2026, 20:04