Еліміздің бірқатар өңірінде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар өңірінде күн суытады

03.10.2014
Еліміздің бірқатар өңірінде күн суытады

«Қазгидромет» бірқатар өңірде күн күрт суытатынын ескертті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

3 және 4 қазанда түнде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 4 қазанда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін. Батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Астана қаласында 3-4 қазан күндері жауын-шашынды болып, батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

4  қазанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, 4-5 қазан күндері Алматы облыстарында кей жерде жауын-шашын болып, батыстан күші 17-22 м/с болатын жел тұрады, ауаның температурасы түнде 0-3 градусқа дейін суытып, күндіз 7-12 градус жылы болады.

4-5 қазанда Қызылорда облысында ауаның температурасы төмендеп,  түнде кей жерлерде 0-3 градусқа дейін суытады.

Хабарламаларға жазылу