Биыл Меккеге Құрбан айт мейрамына және қажылыққа кемінде 2 миллиондай адам жиналды. Дәрігерлер «MERS» және «Эбола» вирустарының таралуына қарсы шаралар қолданып жатыр. Осыған байланысты Эр-Рияд Либерия, Гвинея және Сьерра-Леоне тұрғындарына виза беруге тыйым салған.
Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінде қажылық парызы өтеушілер Мина жазығына жол тартады. Мұнда Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген. Сол жерде олар дұға етеді.