Қазақстан қажыларының соңғы легі Меккеден елге бес күннен соң оралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қажыларының соңғы легі Меккеден елге бес күннен соң оралады

07.10.2015
Қазақстан қажыларының соңғы легі Меккеден елге бес күннен соң оралады

Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылары еліміз үшін биылғы қажылық сапары сәтті өтті деп санайды. Қазірдің өзінде бесінші парызын өтеген үш мыңнан астам адам Қазақстанға аман-есен жеткен. Соңғы рейс 12 қазанға жоспарлануда. Ал, қажылардың әуежайда бір күн бойы ұшақтарын күтіп қалуына зұлқиджа айының кеш тууы себеп болған. Сондықтан, құрбан айт мерекесі жоспарланғандай қыркүйектің 23 -де емес, 24 күні тойланған.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу