ҚМДБ Қажылық Миссиясы: Меккеге тікелей рейс ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ Қажылық Миссиясы: Меккеге тікелей рейс ашылмақ

17.07.2015
ҚМДБ Қажылық Миссиясы: Меккеге тікелей рейс ашылмақ

Басқосуға қатысқан әуе компаниялары өкілдері бұл ұсынысты орындауға мүмкіндік мол екенін мәлімдеді. Бүгінде еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Меккеге таяу орналасқан Жидда шаһарына дейін тікелей рейс ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұған дейін қажылық парызын өтеуші жерлестеріміз Жидда қаласына Түркия, Әбу Даби арқылы жететін. Сонымен қатар, әуежайда бірнеше сағат бойы келесі рейсті күтетін.

«Бұл бастама қажыларымызға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына ықпал етеді. Біріншіден, уақыт үнемделеді, екіншіден, қажылар үшін бұл бастама қолайлы жағдай туғызады», – деді ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Биыл Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі 5000 орын (квота) бөлді.

 

Фото: muftyat.kz

Хабарламаларға жазылу