Елбасы Маңғыстауға сапары барысында «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысына зауыт жұмысының негізгі бағыттары мен кәсіпорын шығаратын битумның жол құрылысында қолданылуы туралы баяндалды.
Президент қытайлық серіктестердің жобаны табысты жүзеге асырудағы үлесін атай отырып, оның алдағы уақытта кеңейе түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелесті.
Жыл сайын Қаражамбас кенішінен 1 миллион тонна мұнай өңдеуге есептелген «CaspiBitum» БК» ЖШС зауыты жыл басынан бері 125 мың тонна жол құрылысына арналған битум өндірді. Бұл өнім «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік дәлізі мен республикалық маңыздағы автожолдардың құрылысына пайдаланылады.