Ақтауда күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші өтті

01.10.2014
Ақтауда күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші өтті

Ақтауда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші өтті.

Биыл майталман күйші 75 жасқа толады. Домбыраны жастайынан серік еткен шебер өзі дәріс беріп жүрген Маңғыстау өнер колледжінің студенттерін де сахнаға алып шығып, Құлшардың, Абылдың, Құрманғазы мен Динаның  күйлерін халыққа паш етті.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбеков, Темірхан Медетбек, Айтқали Жайымов, Құрыш Тасболат және тағы басқа өнер марқасқалары қатысты. Шығармашылық кеш жоғары бағаланып, көрермендер ыстық ықыласпен тарқасты, деп хабарлайды lada.kz.

 

Фото: Талғат Ахметұлы

Хабарламаларға жазылу