Күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші

25.07.2015
Күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші

Сержан Шәкірат– елдегі үздік домбырашылардың бірі, ел арасынан шыққан тума талант, «төкпе күй» өкілі. Ол домбыра тартудың халықтық ежелгі үлгісін бойына дарытқан.

Күйші атақты Алым Жаңбыршин, Шамғұл Ыбраимов, Мұрат Өскінбаев сынды домбырашылардың шәкірті. Маңғыстаудың күй орындау шеберлігін шыңдап, оны бүкіл елге және шет жерлерге таратқан майталман.

Ол Маңғыстаудың  ескілікті халық күйлерімен қатар атақты халық сазгерлері Абыл, Есір, Есбай, Өскінбай, Құлшар, Қартбай, Мұрат, Алым шығармаларын орындауда өзіндік ерекшелігі бар күйші.

Өзіндік қолтаңбасы, нақышы бар өнерпаздың шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:20-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу