Соңғы 40 жылда жер бетіндегі жабайы жануарлар саны екі есеге азайған. Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры хабарлайды.
Мамандар 1970-2010 жылдар аралығында тіркелген жабайы жануарлардың 3,43 түріне зерттеу жүргізген. Осылайша, олар соңғы 40 жылда жануарлардың 52 пайызға азайғанын байқаған. Тұщы суда мекендейтін жануарлар 76 пайызға, құрғақ жерде мекендейтіндер саны 39 пайызға, теңізде мекендейтіндер 39 пайызға төмендеген.
Ал, планетадағы адам саны керісінше, артқан. 3,7 миллиардтан 7 миллиардқа дейін жеткен. Мамандардың айтуынша, адамзат жыл сайын өндіріске қажетті табиғи ресурстарды өндіруі салдарынан бүгінде жарты планета бүлінген. Ал Жердің қайта қалпына келу мүмкіндігі жыл санап азайып барады.
Фото: Global Look Press