Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары қарға батқан киікті құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары қарға батқан киікті құтқарды

18.02.2021

Елорда іргесіндегі Қажымұқан ауылының тұрғыны қарға батып қалған киікті құтқарды. Мәди Бектасов есімді азамат қалың қарда омбылап жатқан жануарды үйіне алып келеді. Кейінірек инспекторларға хабарласып қорасында жабайы ақбөкенді қамап қойғанын хабарлайды. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары, киікті табиғи мекеніне жіберген. 

Айта кетейік, соңғы уақытта жол маңында ақбөкендерді жиі кездестіруге болады. Қалың жауған қар мен күннің күрт суытуы дала жануарының тіршілігіне әсерін тигізіп жатыр. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу