Еліміз егемендік алған 23 жылдың ішінде атамекеніне оралған қандастарымыздың саны 1 миллионға жуықтап отыр. Сонымен бірге әлемнің 40-тан астам мемлекетінде 5 миллионнан астам отандасымыз тұрып жатқандығы белгілі.
Соңғы мәліметке қарағанда, сырттағы қазақ диаспорасының саны шамамен Қытай мен Өзбекстанда - 1,5 миллион, Ресейде - 900 мың, Түркіменстанда - 100 мың, Моңғолияда - 80 мың, Қырғыз Республикасында - 45 мың, Түркия, Иран, Ауғанстанда - 10 мыңды құрап отыр.
Қаны бір бауырларымыздың елге қоныс аударуы 1991 жылдан бері жүргізіп келеді. Ал 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Сол үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
«Бізге Қазақстан не береді деп емес, біз Отанымызға не береміз?», деп келген қазақтар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.