Ең алдымен «оралман» деген сөзден құтылуымыз керек - Зауытбек Тұрысбеков - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең алдымен «оралман» деген сөзден құтылуымыз керек - Зауытбек Тұрысбеков

17.11.2017

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен «Көш көлікті болсын» деген атаумен өткен жиында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков осылай деді. Оның ойынша, шекара асқан соң қандасымыз оралман емес, бауырлас болуы тиіс. Түрлі министрліктер мен ведомства өкілдері қатысқан кездесуде көші-қон мәселесінің түйткілдері сөз болды. Елге оралса да, өзіне тиесілі көмеккке қолы жетпей, құжаттарын реттей алмай жүргендер қаншама. Ең алдымен осы адамдардың мәселесін шешу жағы айтылды. Жалпы, тәуелсіздік жылдары елімізге 1 млн-нан астам қандасымыз көшіп келген. 

Қайрат Бодаухан, «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Әрине, үлкен мәселе бар. Көші-қонды басқару жүйесі. Қазір оны бір министрлікте кішкентай басқарма деңгейінде қалды. Осы мәселелерді ұйымдастыру жағы күрделілеу.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу