Біраз азық-түлік арзандады
Осы аптада елімізде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі арзандады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, әсіресе қияр, қызанақ, сәбіз, жұмыртқа, ұн мен тауық етінің бағасы төмендеген. Мәселен, көкөністердің құны 4,6 пайызға дейін түскен. Ал ақуыздардың бағасы 0,4 процент шамасында төмендеген. Өңірлер бойынша Ақтау, Қонаев, Жезқазған мен Петропавлда, Тараз, Қарағанды және Түркістанда да кей тамақ өнімдерінің арзандағаны байқалады. Республика бойынша қиярдың орташа бағасы келісіне 524 теңге. Ал тазартылған күріш 534 теңгеден сатылып жатыр. Бір келі қырыққабат 198 теңге болып тұр. Сонымен бірге, I санаттағы 10 дана жұмыртқаның орташа бағасы ел бойынша 561 теңге.
Тойгүл Жұбанисова, Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:
Ең бірінші негізгі фактор – маусымдық кезең. Қазір жаз мезгілі. Бізде көкөніс пен жемістердің пісетін кезі. Дәстүрлі түрде бағалары арзандайды. Осы айда атап айтқанда, ең төменгі көрсеткішті қызанақ пен қияр көрсетіп отыр. Бұлардың бағасы 5 пайызға төмендеді. Одан бөлек тағы бір кешенді жағдай Сауда министрлігі азық-түлік бағаларының оның ішінде маңызды әлеуметік азық-түліктер мемлекеттік бақылауды қатаңдатып жатыр.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06