Франциялық өнертапқыштар электрлі велосипед жасап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциялық өнертапқыштар электрлі велосипед жасап шығарды

26.09.2014
Франциялық өнертапқыштар электрлі велосипед жасап шығарды

Франциялық SEV Electric Vehicles компаниясы кез келген жерде жүре беретін eTricks Evolution R01 электрлі велосипедті таныстырды.

Велосипедтің жаңа түрі демалысқа және спорттық жүріске қолайлы.  Оның «жүрегі» - қуаттылығы 2,5 КВтт-ты құрайтын электр козғалтқышы. Соның арқасында велосипед сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүреді. Салмағы – 37 келі. Сыйымдылығы 18 ампер сағат болатын литий-ионды батареямен жабдықталған.

eTricks Evolution R01 велосипедінің құны – 5850 АҚШ доллары.

Хабарламаларға жазылу