ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері сутекті генератор ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері сутекті генератор ойлап тапты

18.05.2016
ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері сутекті генератор ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің технопаркінде бірнеше жылдан бері автосутекті генераторды жасау қолға алынған. Өнертапқыштар тынымсыз ізденістен нәтиже шығарды.

Жаңа автосутекті генератор алғашқы сынақтан сүрінбей өтті. Құрылғыдан бөлінген зат жанармаймен қосылып жанғанда, қызыл жалыннан қалдық қалмайды. Нәтижесінде, жанармайға кететін шығын екі есеге азаяды. Бұл технологияға қазір Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми-зерттеу институты қызығушылық танытып, бірігіп жұмыс істеуге келісті. Өйткені, бұл әскери техникалардың жанармайға кететін шығынын 30 пайызға дейін қысқартады. Ал, тактикалық әрекет ету қашықтығын ұзартады.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу