«Бордо» - «Қайрат» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бордо» - «Қайрат» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды

21.08.2015
«Бордо» - «Қайрат» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды

Ойын болжағандай өте белсенді басталды. «Бордо» футболшылары көп шабуыл жасап, допты өз бақылауында ұстады. Матчтың 5-ші минутында франциялық команданың шабуылшысы Кизе Телин есеп ашатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал, 13-ші минутта алаң иелері сапынан қорғаушы Диего Контенто жарақат алып, оның орнына Максим Пундже шықты.

Осыдан кейін «Бордо» шабуылдарды үдете түсті, алайда «Қайрат» қарымта шабылда ойнады. Алайда матчтың 27-ші минутында Вахби Хазри гол соғып алаң иелерін алға шығарды. Тағы алты минуттан кейін «Бордо» ойыншылары тағы гол соғып кете жаздады. Осылайша 1-ші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Алда «Бордо» футболшылары.

Айта кетейік, ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу