Павлодарда әкімнің орынбасары студенттерге дәріс оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда әкімнің орынбасары студенттерге дәріс оқыды

26.09.2014
Павлодарда әкімнің орынбасары студенттерге дәріс оқыды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнология факультетінің студенттеріне дәріс оқыды. Бұл туралы  оқу орнының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Өңірде Нұржан Әшімбетовтің жетекшілігімен «Облыстың АӨК іскерлік ахуалы» комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия АӨК қолдау бойынша мемлекеттік саясатты талқылау жұмыстарын жүргізеді.

Аталмыш комиссияның тапсырмасына сай агротехнология факультетінде 4 курс студенттері арасында АӨК мемлекеттік қолдау түрлерін талқылау бойынша жоспар бекітілген болатын.

Нұржан Әшімбетов студенттерге «Егін және мал шаруашылықтарын дамыту үшін мемлекеттік қолдау түрлері» тақырыбын арқау еткен дәріс оқыды. Дәріс барысында ол ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздің маңызды салаларының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында алуан түрлі мемлекеттік қолдау бар. Бұл мемлекеттің агроөнеркәсібін дамытуға, ауылдарды жаңғыртуға ықпал етеді», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу