Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы студенттерге дәріс оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы студенттерге дәріс оқыды

07.10.2021

Діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамыту маңызды. ЕҰУ-не барып, студенттерге дәріс оқыған Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-ул-Ислам Гаджи Аллахшүкір Пашазаде осылай деді. Білім ордасына келген мейман, алдымен мұндағы көне түркінің көзі Күлтегін ескерткішін көріп, тарихымызға қанықты. Мұражайды аралады. Қазақстанның арқасында әлемде дінаралық ынтымақтастықтың жаңа платформасы құрылды дейді ол. Елордада тұрақты өтіп келе жатқан съез дінаралық диалогты дамытуға батыл қадам екенін айтты. Кездесу соңында Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие болды.

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу