Тоқтар Әубәкіров елордалық жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқтар Әубәкіров елордалық жастармен кездесті

11.04.2015
Тоқтар Әубәкіров елордалық жастармен кездесті

Ғылым арқылы ғарышқа! Елордадағы «Тұран-Астана» университеті ғылым мен ғарыш күнін атап өтті. Оқу ордасы арнайы тақырыптық сабақ өткізіп, қонаққа тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровті шақырған. Халық қаһарманы оқушылар мен студенттерге дәріс оқыды. Қызметі тұсында болған қызықты оқиғалармен бөлісті. Кездесу соңында студенттер Кеңес одағы батырына сауалдарын қойып, естелік суретке түсті. Айта кету керек, Тоқтар Әубәкіров аталмыш университеттің профессоры. Жыл сайын Халық қаһарманы білім ордасына тегін гранттар бөліп тұрады. 

Хабарламаларға жазылу