Бағланның жүрекпен жеткізгенінің арқасында «Бағала» әні халықтың жүрегінен орын алды – Ғалия Өзбекбайқызы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағланның жүрекпен жеткізгенінің арқасында «Бағала» әні халықтың жүрегінен орын алды – Ғалия Өзбекбайқызы

26.09.2014
Бағланның жүрекпен жеткізгенінің арқасында «Бағала» әні халықтың жүрегінен орын алды – Ғалия Өзбекбайқызы

«Қазақстан» Ұлттық тереарнасының эфирінде өтетін «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының продюсері Ғалия Өзбекбайқызы Қазақ радиосында қонақта болып, сұхбат берді.

Ғалия Өзбекбайқызы 1976 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданы,  Қаракемер ауылында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін тәмамдаған. 2009 жылдан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында қызмет етеді.

Ол «Бағала», «Тәуелсіз ел», «Әнші жігіт» әндерінің авторы. Бүгін сазгер Қазақ радиосының эфирі арқылы көптің көңілінен шыққан «Бағала» әнінің шығу тарихын айтып берді.

«Әуені мен сөзі қатар туылатын әндер болады. Ол шабытқа байланысты. «Бағала»-ның алдымен әні дүниеге келді. «Бағала оны, бағала...» Осы бір сөздер үнемі ойымнан кетпейтін. Осылай ән туды. Алайда, үш жыл ән жарыққа шыққан жоқ. Үш жылдан кейін әннің сөзін жазу үшін ақын Серік Сейітманмен жолықтым. Бір қызығы, әннің сөзі Серік үйіне келін түсірген күні жарық көрді», - дейді сазгер.

«Жігеттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың орындауында тыңдармандар жүрегінен орын тапқан ән 2009 жылы шыққан. Әннің шығу тарихын білгіңіз келсе, Қазақ радиосының «Қайырлы таң, Қазақ елі!» таңғы ойын-сауықтық бағдарламасын тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу