Перизат Тұрарова: Бүгінгі кеште Нұрғиса Тілендиевтің туындылары оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перизат Тұрарова: Бүгінгі кеште Нұрғиса Тілендиевтің туындылары оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады

01.04.2016
Перизат Тұрарова: Бүгінгі кеште Нұрғиса Тілендиевтің туындылары оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады

Бүгін, сағат 19:00 елордадағы «Конгресс-Холл» сарайында күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Нұр аға» атты концерт өтеді.

Осыған орай, Астана Мемлекеттік филармониясының әншісі Перизат Тұрарова «Таңшолпанға» сұхбат берді.

«Бұл шара бір жыл фестиваль, бір жыл концерт ретінде өтеді. Жыл сайын ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтсе, биыл композитор туындылары симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады», дейді әнші.

Кешке Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Нұрбол Балапанов және тағы да басқа өнер иелері қатысады.

Әнші таңғы бағдарлама студиясында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған сазгердің «Сағындым ғой» әнін орындады.

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу