Ақтөбе облысында жылыту маусымы 15 қазанда басталады

25.09.2014
Ақтөбе облысында жылыту маусымы 15 қазанда басталады

Бір аптадан кейін аймақтағы әлеуметтік нысандар, ал 15 қазаннан тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ақтөбе облысында жылыту жұмыстарына дайындық кестеге сай жүргізілуде. Биыл бұл мақсатқа 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы бұл сома 8,6 млрд. теңгені құраған еді.

«Жылыту маусымына дайындық жұмыстары бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілуде. Олар терможаңғырту, өңірлерді дамыту бағдарламалары. Жергілікті бюджеттің қаражаты да пайдаланылды. Облыс жылыту маусымына дайын», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Өңір басшысы аудан және Ақтөбе қаласының әкімдеріне 1 қазанға дейін коммуналдық шаруашылықтар мен әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындауды аяқтауды тапсырып, үздіксіз жылумен қамтуға жеке жауапкершіліктері туралы ескертті.

Хабарламаларға жазылу