Амангелді Ахметжан: Біздің бағыт – қазақы әндер жазу, насихаттау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амангелді Ахметжан: Біздің бағыт – қазақы әндер жазу, насихаттау

25.09.2014
Амангелді Ахметжан: Біздің бағыт – қазақы әндер жазу, насихаттау

Әнші, сазгер Амангелді Ахметжан және әншінің жары, әнші Зағыпыран Жотай бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Жеке де, дуэтпен де ән салатын жұптың бүгінде репертуарында 6-7 ән бар. «Мен 2009 жылы оқу бітіргелі бері ән жаза бастадым. 2011 жылға дейін біраз жеке ән жаздым. Кейін жұбайым Зағыпыранды кездестірген соң дуэттік әндер дүниеге келе бастады», - дейді әнші.

«Мен Е.Бөкетов атындағы  Қарағанды   мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірдім. Ал жұбайым  Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде білім алған. Ән таңдауда Зағыпыранның пікірімен санасамын, ал, әннің сөзіне көбіне мен мән беремін. Осылайша, екеуміз бір ортақ дүние шығарамыз. Біздің бағыт – қазақы әндер жазу, насихаттау», - дейді Амангелді.

Қос әншінің орындауындағы «Бір бала» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу