Бейжіңде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған мерекелік шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

09.11.2015
Бейжіңде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған  мерекелік шара өтті
Мерекелік шараға жергілікті қазақ зиялылары, Абай шығармаларын қытай тілінде сөйлеткен қандастарымыз қатысты.

Екі сағат бойы хакім Абайдың қара сөздері, өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалды. Дәл осы уақытта ұлы Ақынның мерейтойына арналған шаралар Қытайдың басқа 22 өлкесінде де өткізілді.

«Шараның бас мақсаты – Абай арқылы жырақта жүрген жастардың бойына қазақы тәрбие сіңіру, әрі ақын туындыларын қалың елге кеңінен таныстыру», - дейді ұйымдастырушылар.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу