Қытайда осыдан бір ай бұрын жарнамаланған Gionee Elife S5.1 смартфоны әлемдегі ең жіңішке смартфон ретінде таныстырылды. Оның корпусының қалыңдығы бар-жоғы - 5,1 мм. Gionee-дің хабарлауынша, құрылғы тарихтағы ең жіңішке смартфон ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.
Gionee Elife S5.1 – бұл орта деңгейлі 4,8 дюймді сенсорлы Super AMOLED дисплейі бар смартфон. 720 х 1280 пиксельді рұқсаты бар, 5 мегапиксельді фронтальді камерасы, 8-мегапиксельді негізгі камерасы, 1 ГБ оперативті жады бар Snapdragon 400 төрт ядролы процессоры бар құрылғы. Сонымен қатар, оның кіріктірілген 16 ГБ жады және 2100 мАч көлеміндегі аккумуляторы бар.
Gionee Elife S5.1 тек Қытайда ғана сатылады. Бағасы 325 АҚШ долларына тең келеді. Elife S5.1 – Gionee компаниясының жіңішке телефондарының алғашқысы емес. Бұған дейін қалыңдығы 5,5 мм болатын Elife S5.5 моделі шыққан.
Фото: zol.com.cn