Әлемдегі ерекше мүсіндер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ерекше мүсіндер (ВИДЕО)

14.01.2016
Әлемдегі ерекше мүсіндер (ВИДЕО)

Әлемде сан-алуан ерекше мүсіндер бар. Мысалы, қытайлық шебер Чжен Чун Хюй жұмысы әлемдегі ең ұзын ағаш мүсіні ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. мүсін Синминь фестиваліндегі «Өзен бойы» атты ежелгі Қытай картинасының негізінде ағаштан ойылып жасалған.

Биіктігі – 3 метр, ұзындығы – 12 метрден асатын ағаш мүсінге шебер 4 жыл уақытын жұмсаған. Бір ғана  мүсінде үйлер мен ағаштарды, қайықтар мен көпірлерді есептемегенде, 550-ден аса кейіпкер ойылған. Мүсіннің басты ерекшелігі осы.

Грузияның Батуми қаласында да өте ерекше мүсін бар. Бұл – биіктігі 8 метр болатын ғашықтар мүсіні. Туынды авторы – Тамара Квеситадзе. Мүсінші туындысын Құрбан Саидтың «Әли мен Нино» романының желісі бойынша  жасаған.

«Әли мен Нино» мүсіні әр кеште бір-біріне жақындайды. Шамамен он минуттан соң мүсіндер өз орнына келеді.

Қос аттық алып басынан жасалған мүсін туралы не білесіз? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу