Астанада ынтымақтастық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ынтымақтастық форумы басталды

15.06.2017

Бүгін Астанада БҰҰ-ның жанындағы «оңтүстік оңтүстік» ынтымақтастығы құрамына енетін мемлекеттер арасында аймақтық форум басталды. Оған 40 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр. Тараптар Астана экономикалық форумы аясында жаһандық экономика, логистика, жүк тасымалы сынды мәселелерді талқылауда. Статистикалық, әлеуметтік зерттелеулер институтының жетекшілері экономикалық болжамдарын жариялауды жоспарлап отыр. Осының негізінде болашақ жоспарлар түзілмек. Форум барысында аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты нақты механизмдер ұсынылады. 

Хабарламаларға жазылу