Екібастұзда енді жабық вагон шығарыла бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда енді жабық вагон шығарыла бастайды

24.09.2014
Екібастұзда енді жабық вагон шығарыла бастайды

Екібастұз қаласындағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бес жыл қатарымен республикада машина жасау саласын дамытумен және отандық теміржол инфрақұрылымдарын дайындаумен айналысады. Ал соңғы бірнеше жылда кәсіпорын жүк тасымалдауға арналған жартылай вагон шығарса, келесі жылдан бастап жабық вагон жасайтын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгінгі таңда шығарылған 2 жабық вагон Санкт-Петербург қаласы мен Беларусь елінде сертификат сынамасынан сәтті өтіп, Екібастұз мамандары келісім алған.

«Жабық вагондар жүк тасымалы кезінде түрлі табиғи жағдайларға төтеп беріп, механикалық зақымданудан және ұрлықтан сақтайды. 2015 жылы 1000 жабық вагон шығаруды жоспарлап отырмыз», - дейді «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Берікбай Әміржанов.

Айта кетерлігі, компанияның басты бағыты – роботтар мен микропроцессорлық техника қолдану негізінде болашақта түрлі жүк тасымалдау вагонын шығару аясын кеңейтудегі жаңашылдық.

Хабарламаларға жазылу