Қираған банк ғимараттарында тексеру аяқталған соң жөндеу жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қираған банк ғимараттарында тексеру аяқталған соң жөндеу жүргізіледі

11.01.2022

Қақтығыс кезінде Kaspi банктің 20 бөлімшесіне зақым келген. Компанияның баспасөз қызметі қираған бөлімшелердің уақытша жабық тұрғанын хабарлады. Енді полицейлер нысаннан саусақ іздерін алып, тексеруді бастайды. Сондықтан тұрғындардан ғимараттарда ешнәрсеге тиіспеуді сұрап отыр. Тек тексеру аяқталған соң жөндеу жүргізілмек. Әзірге 10 қалада банктің 22 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Олар таңертең 9-дан бастап кешкі 6-ға дейін ашық. Ал Алматыда жағдай тұрақталғанға дейін бөлімшелер жабық болады, дейді банк өкілдері. Тұрғындар 435 банкоматтан қолма-қол ақша ала алады.

Хабарламаларға жазылу