«Әлемнің ең үздік боксшысы» атанған Серік Қонақбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлемнің ең үздік боксшысы» атанған Серік Қонақбаев

24.09.2014
«Әлемнің ең үздік боксшысы» атанған Серік Қонақбаев

Шаршы алаңда шеберлігін шыңдап, Қазақ елін күллі әлемге танытқандардың бірі – Серік Қонақбаев. Бала Серік боксқа 14 жасында келді. Алғашында футболмен шұғылданған. Құжатта туған жері Павлодар деп көрсетілгенімен, боксшының балалық шағы Таразда өткен.

«Мен бокста бірінші орын алған кезде әкем: «Балам, көзім жетті. Сен рингке шыққанда жолбарысқа ұқсап кетесің. Сондықтан, сен Олимпиадаға қатысасың», деді», деп еске алады ол бокстағы алғашқы қадамдарын.

Серік Қонақбаевтың Ерік атты егізі бар. Әкесі «Сендер – егізсіңдер. Өмірде бір-біріңе тірек болып жүру үшін боксқа барыңдар», дейді.

Серік Қонақбаевтың алғашқы бапкері – білікті боксшы Кеңес Омаров еді.  Кейін Константин Цхайда жаттықты.

«1981 жыл біз үшін сәтті болды. Барлық байрақты бәсекеде Серік қарсылас шақ келтірмеді. Бір жыл бұрын жіберген кемшіліктерімізді түзеп, өткенге қорытынды жасап, үздіксіз жаттығулардың арқасында бірнеше белесті бағындырдық. Әлем кубогының иегері атанған Серікті дүниежүзінің спорт журналистері «Әлемнің ең үздік боксшысы», деп бағалалады», - дейді Константин Цхай.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу