Серік Қонақбаев сотқа шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Қонақбаев сотқа шағымданды

10.10.2018

Серік Қонақбаев өзін AIBA президенттігіне кандидаттар тізіміне енгізбені үшін спорттық арбитраж сотына шағымданды. AIBA президентінің міндетін уақытша атқарушы өзбекстандық бизнесмен Гафур Рахимовты ассоциация президенттігіне жалғыз кандидат ретінде тіркеген. Бұған дейін ұйым басшылығына Рахимов пен Серік Қонақбаев қатар ұсынылған еді. Бірақ, ол соңғы сәтте тізімге енбей қалған. Айта кетейік, Гафур Рахимов 2018 жылдың шілдесіне дейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүрген.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу