ЖОО студенттері 2-ші курстан бастап міндетті өндірістік тәжірибеден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО студенттері 2-ші курстан бастап міндетті өндірістік тәжірибеден өтеді

23.09.2014
ЖОО студенттері 2-ші курстан бастап міндетті өндірістік тәжірибеден өтеді

Жоғары оқу орындарының студенттері 2-ші курстан бастап міндетті  түрде өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев  айтты.

Жоғары оқу орындарындағы студенттердің практикалық дайындығы үлкен мәселелердің бірі болып отырғанын баса айтқан ол: «Сол себепті екінші курстан бастап міндетті  түрде өндірістік тәжірибеден өтуді бекіту ұсынылып отыр. Бұл тәжірибені тек қана өндірістік еңбекпен ғана бекіту емес. Сонымен бірге біздің өндірістерде соны өтудің және арнайы келісімшарт жасаудың ережелері кеңінен бекітілетін болады», деді.

Оның сөзіне қарағанда, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының жұмыс істеуінің ереше режимі қарастырылуда.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланған болатын.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу