Басты Жаңалықтар Алматы зообағында керік төлдеді

Алматы зообағында керік төлдеді

Алматы зообағында керік төлдеді

Алматы хайуанаттар бағында керіктің төлі дүниеге келді, деп хабарлайды зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.

Баспасөз хатшысының айтуынша, 1 ай бұрын дүниеге келген керікті ешкімге көрсетпеген. Сондай-ақ, кішкентай жануарға әлі ат та берілмеген.

Бойы 2 метрге жуықтайтын керікті екі күн бұрын отарына қосқан. Қазір ол өзін жақсы сезінеді.

Айта кету керек, бұл Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген керіктің алтыншы төлі.

Бөлісу