Испан теннисшісі Рафаэль Надаль мен франциялық Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы кездесуге жанкүйерлер көп жиналмақ, деп хабарлайлды vesti.kz.
Әлемдік масштабта өтетін матчқа тек VIP-трибуналарға ғана билеттер қалған. Билет құны – 100 мың теңге. Ал, 2000-25000 теңге аралығындағы 2680 орын сатылып кеткен.
«VIP-трибуналарға ғана билеттер қалды. Бұл билеттер бойынша Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганің ракеткалары ұтыс ретінде ойнатылады», - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, кездесу Астанада 25 қыркүйекте «Дәулет» теннис орталығында өтеді.